Енді Петропавл мен Шымкент арасында ұшақ қатынайды. Әуе кемесі дүйсенбі және бейсенбі күндері ұшатын болады. Ұшақ бір мезгілде 100 жолаушыны тасымалдайды. Билет бағасы да қолжетімді – 25 мың теңге аралығында. Соңғы жылдары оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударғандар саны едәуір артуына байланысты, Шымкент пен Түркістан бағытындағы әуе рейстеріне деген сұраныс жоғарылаған. Бұған дейін тұрғындар Петропавлға пойыз арқылы екі күнде жететін еді. Енді жолаушылар діттеген жеріне 2 сағатта бара алады.