Түркістанда цифрландырудан ақша жасап, миллиондаған сомада пара алған шенеуніктер сотталды. Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының лауазымды тұлғалары 14,6 млн теңге көлемінде бірнеше рет пара алған және берген. Сот үкімімен жемқорлар 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.