Жыл басынан бері ел аумағында 13 жалған ақша жасау фактісі тіркелген. Ал тәркіленген жалған банкноттардың жалпы сомасы 55 млн теңгеден асады. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлайды. Сондықтан мамандар демалыс маусымы қарсаңында валюта айырбастау кезінде, әсіресе шетелге шыққанда, қырағылық танытуы керектігін ескертеді. Жалған ақша жасаушылардың құрбаны болмас үшін, жақсы бағам бойынша айырбастауды ұсынса да бейтаныс адамдарға ақша айырбастамау және валютаны «делдалдардан» сатып алмау керектігін ескертеді.