Малдағы чип ұрлықты ашуға көмектесті. Абай облысында полицейлер екі адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады. Қалбатау – Семей тас жолында автокөліктерді тексеру барысында Жарма ауданы тұрғынының көлігі тоқтатылған. Ол ет тасымалдамақ болған. Малды цифрлық чиптеу тергеу аясында ет өнімдерінің иесін анықтауға көмектесті. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар аймақ тұрғындарына тиесілі 26 жылқыны ұрлады деп күдікке ілінген.