Бәйдібектік шаруа ауыл тұрғындарын жылқы етімен қамтамасыз етіп отыр. Боралдай ауылының тұрғыны Ержан Шыналиев мал сатып алғанда әрқайсын бөлек емес, үйірімен бірақ аламын дейді. Өйткені, бір-біріне тістесіп, үйренісуі қиын екен. Сонымен қатар малды сатып алған кезде бірден арнайы ауруға қарсы дәрісін салдырып алатын көрінеді. Әйтпесе, қорадағы малдарына жұғып кетуі мүмкін. Шаруа бұл іспен айналысып келе жатқанына 4 жылдай уақыт болыпты. Жылқыларын күнделікті үш мезгіл жем-суын беріп, бағады. 2 жастан асқан соң сойып сатады. Кәсіпкер мал бордақылау табысты кәсіп екенін тілге тиек етті.