Түркістан қаласы облыс орталығы атанғанына биыл 6 жыл. Осы уақыт ішінде қала өмірі, шаһар тұрғындары мен қонақтарының тарихқа, туризмге деген көзқарасы және мәдени мұраларға деген қатынасы едәуір өзгерді. Түркістанды түлетуге құштар жандар көбейді. Солардың бірі - Гүлжанат Дүйсенбаева. Оның музей саласында еңбек етіп келе жатқанына 20 жылдан астам уақыт болған.