Кентауда жылу энергия орталығы толық жаңғыртудан өтіп жатыр. Оған биыл Үкіметтен 9 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Қазір өткен ғасырдың ортасында пайдалануға берілген жылу орталығындағы 6 қазандық жөнделіп жатыр. Бұл жұмыстар жылыту маусымына дейін толық аяқтала ма? Биыл қанша қазандық іске қосылады? Орталықтың жұмысымен тілшіміз Айдос Игіліков танысып келді.