Шымкенттегі Сабыр Рақымов атындағы «Жас ұлан» мектебінің құрылғанына 40 жыл толды. Осыған орай республикалық білім ұясында ауқымды іс-шара ұйымдастырылып, осы мектепте оқығандар бас қосты. Сондай-ақ, биылғы түлектердің жарқын болашағына жолдама берілді.