Дәрігер мамандығы қателікті кешірмейді. Ант берген соң адал еңбекті талап етеді. Түркістанда адам жанына араша түсіп, екінші өмір сыйлап жүрген дәрігер Нұрпейіс Төлежанов осылай дейді. Ол ширек ғасырға жуық еңбек өтілінде 7 мыңға жуық ота жасаған. Мереке қарсаңында халықтың алғысын арқалаған маманмен тілшіміз Бақтыгерей Оразхан тілдесіп келді.