Елімізде маусымның үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні. Бұл күні адам жанына араша болған ақ халатты абзал жандарға арнайы құрмет көрсетіліп, еңбектері ерекше еленеді. Түркістан облысындағы балалар ауруханасында жыл сайын мыңдаған балаға күрделі ота жасалып, сәбилердің дертіне дер кезінде дауа табуда.Еліміздегі ең ірі көпбейінді медициналық мекемеде емделу үшін басқа аймақтардан арнайы келетіндер де бар.