Түркістан
EN

Жол апатынан қайтыс болатындар саны көбейген

357
14.06.2024

5 айдың ішінде Түркістан облысында 376 көлік апаты болған. Оның ішінде 476 адам түрлі жарақат алса, 67-сі қайтыс болған. Қорқынышты статистика облыстағы құзырлы органдарды бей-жай қалдырамды. Бүгін облыс прокуроры Мұрат Тілеубердиевтің төрағалығымен жиын өтті. Онда өткен жол көлік оқиғаларына тікелей әсер ететін себептер талқыланды. Оларға облыс көлеміндегі автокөлік жолдарының сапасы, белгіленген жылдамдықтан асыру, жол ережелерін бұзу және жануарлардың жол бойына шығу басты себеп екен. Қосымша бейнекамералар орнатып, автокөлік жолдарын жөндеуге тапсырмалар берілді.