Дүкеннен алынған тұшпара өлім әкелді. Солтүстік Қазақстан облысындағы Қызылжар ауданында бір отбасы тамақтан уланып, 2 бала қайтыс болды. Үш ересек адам ауыр жағдайда жатыр. Улану фактісі Қызылжар ауданы Надежка ауылында тіркелген. Отбасы мүшелері 12-ші маусым күні түнде өздерін жайсыз сезіне бастаған. Ертеңінде 3 жастағы үйдің кенжесі дәрігерлерлер келгенше көз жұмды. Ал, қалған екі бала мен ата-анасы шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліпті. Кейін тағы бір баланың қайтыс болғаны белгілі болды. Отағасының айтуынша, олар кешкі асқа дүкеннен сатып алынған тұшпара мен Coca-Cola сусынын ішкен. Қазір астың сынамасы алынып, зертханалық талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл іске қатысты полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.