Түркістан
EN

Ақтауда 200-ден астам тұрғын арзан телефон аламын деп алаяққа алданған

282
14.06.2024

Ақтауда 200-ден астам тұрғын арзан телефон аламын деп алаяққа алданған. Халық әлеуметтік желіде аудиториясы көп белсенділердің жарнамасына сенген. Олар арзан бағада телефон алу үшін алаяққа қаражаттарын аударған. Қолдарында не телефон жоқ. 140 миллион теңге ақшасынан айырылып, сан соғып отыр. Ашуға булыққан жұрт ақшамызды қайтарсын деп үндеу жариялады. Күдіктінің қылмысы дәлелденсе, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы әбден мүмкін.