Түркістан
EN

Елімізде қант экспортына шектеу енгізілді

119
14.06.2024

Қант экспортына шектеу енгізілді. Бұйрық бүгіннен бастап күшіне енді. Ауыл Шаруашылығы Министрінің баспасөз қызметі мәліметінше,  31 тамызға дейін ел аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қант әкетуге уақытша тиым салынады. Оған негізі себеп ішкі нарықты қамтамасыз ету. Жазда қант тұтынудың халық тарапынан да, индустриялық тұтынушылар тарапынан да өсуі байқалады. Айта кетейік, қазіргі уақытта елдегі қант қоры жаңа өнім алынғанға дейін халықтың сұранысын қамтамасыз ету үшін жеткілікті.