Түркістан
EN

Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті

127
14.06.2024

Елордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Қос палата «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын талқылап, бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат Мемлекет басшысының тапсырмасымен, сот жүйесін одан әрі дамыту мақсатында әзірленді. Түзетулер аясында судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету бойынша құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктері күшейтіледі. Конституциялық заң жобасымен жұмыс істеу үшін Парламент депутаттары бірлескен комиссия құрды. Оған Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы Снежанна Имашева жетекшілік етеді. Комиссия 21 маусымға дейін жұмыс істемек.