Түркістан
EN

Еліміздің кейбір өңірлері бюджеттен бөлінген қаржыны игере алмай отыр

106
13.06.2024

Еліміздің кейбір өңірлері бюджеттен бөлінген қаржыны игере алмай отыр. 91 инвестициялық жоба іске аспаған, яғни жоспардың 20%-ы орындалмаған. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов баяндады. Бюджеттің игерілмеуі негізінен сумен жабдықтау, су бұру және әлеуметтік инфрақұрылым жобаларында көрініс тауып отыр. Әлихан Асқанұлы биылдан бастап "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының ірі компанияларына да аудиторлық тексеріс жүргізілетінін мәлімдеді.