Түркістан
EN

Түркістан облысындағы шалғай ауылда спорт кешені ашылды

193
13.06.2024

Бұқаралық спорттың өрісін кеңейтуге жасалған қадам. Арыс қаласы Қожатоғай ауылында тұңғыш спорт кешені ашылды. Заманауи нысан «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған. Қажетті материалдық-техникалық құралдармен жабдықталған. Мұнда жасөспірімдер мен балаларға арналған олимпиядалық спорттың бірнеше түрімен шұғылдануына барлық жағдай жасалыпты.