Түркістан
EN

Түркістан облысында тағы бір лагерь жұмысын бастады

213
13.06.2024

Түркістан облысында тағы бір лагерь жұмысын бастады. Бәйдібек ауданы «Тау шыңы» демалыс лагерінде балалардың жазғы демалыс маусымының ашылу салтанаты өтті. Мұнда үш ай бойы 1000 бала демалса қала сыртындағы лагерлерге мыңнан астам оқушыға жолдама берілген болатын. Сонымен қоса, қазіргі таңда «Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан бөлінген жолдамамен аудандағы 81 бала Түлкібас ауданындағы «Машат-Арасан» жазғы сауықтыру лагерінде демалуда. Жазғы лагерлерде оқушылар демалумен қатар, білім көкжиектерін кеңейтіп, шығармашылыққа бейімделетін болады.