Түркістан
EN

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерге үндеу жасады

126
13.06.2024

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерге үндеу жасады. Кәсіпкерлерден Құрбан айтта мал бағасын қолдан көтермей, халықтың әлеуметтік жағдайын ескеріп, оңтайлы баға ұсынуға шақырды. Ол қазақ ұғымында қайырымдылық пен бауырмалдықтықтың мәні зор екенін айта келе, айт қарсаңында кәсіпкерлер қымбатшылық жасамай,  күнде тұтынатын азық-түлікке мүмкіндігінше жеңілдік жасау керегін айтты. Наурызбай қажы Тағанұлы құрбан айтты атап өтудің негізгі мақсаты – мұсылмандар арасында өзара мейірімділік, жомарттық, қайырымдылық, қанағат сынды адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру екенін мәлімдеді.