Түркістан
EN

Теңіздің жағасында тұрып тіршілік нәріне зәру

160
12.06.2024

Теңіздің жағасында тұрып тіршілік нәріне зәру! Ақтауда аптап ыстықта аңқасы кепкен жұрт шу шығарды. Қаладағы бірнеше шағынауданда үш күннен бері ауыз су жоқ. Ашуға булыққан тұрғындар орталық жолды жауып, көлік қозғалысын тоқтатып тастаған. Қала халқының күрт көбеюі мен жазда туристердің көптеп келуінен комуналдық кәсіпорындар теңіз суын тұщытып үлгермей жатқан көрінеді.