Атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз иемденген 300-ден астам отбасы анықталды. Бұл олқылықтар облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының зерделеу жұмыстарының нәтижесінде белгілі болған. Мемлекеттік орган тарапынан 24 мыңнан астам іс құжаттары сараланған.
Кемістігі анықталған 330 құжат бойынша келтірілген жалпы шығын көлемі 28 миллион теңгенің төңірегінде. Ал, Арыс қаласында тіптен Атаулы әлеуметтік көмек тағайындайтын мекеменің есепшісі мұқтаждарға берілетін қаражатты оңды-солды шашқан.