Кентау қаласы мен Қарнақ ауылы арасын жалғайтын жолдағы құлаған көпір қайта қалпына келді. Наурыздың 21-і күні қатты жауған жаңбыр салдарынан өзен арнасынан асып, екі елді-мекен арасындағы өткелді су шайып кетіп еді. Айналма жолмен жүріп, әбден қажыған тұрғындар облыс әкіміне жанайқайын жеткізген болатын.