Түркістан
EN

Мемлекет басшысы Корей Президентінің Қазақстанға сапарын тарихи оқиға деп бағалады

163
12.06.2024

Ақордада көптен күткен кездесу. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёльді қарсы алды. Бұл Оңтүстік Корея басшысының Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары. Дәстүр бойынша резиденцияға екі ел министрлер кабинетінің мүшелері жиналды. Қос елдің президенті қол алысып, бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Екі елдің әнұраны тыңдалған соң, қос тарап келіссөз залына өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің шақыруын қабыл алып, елімізге сапармен келгені үшін кореялық әріптесіне алғыс айтты. Сондай-ақ мұны екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға деген шынайы ниеттің айқын көрінісі деп бағалайтынын жеткізді. Ал Юн Сок Ёль екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің 15 жылдығы қарсаңында Қазақстанға сапармен келгеніне қуанышты екенін жеткізді.