Түркістанда тағы бір жоғарғы оқу орны ашылады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты. Оның айтуынша, шаһарда Оңтүстік Кореялық Woosong университетінің филиалы ашылады. Мұнда компьютерлік инженерия, киберқауіпсіздік салалары тереңдетіп оқытылады. Министр таңдау неге Түркістанға түскенін былай түсіндіреді.