Жастарға берілген жалдамалы пәтер жекешелендірілмейтін болды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев айтты. Депутаттар мемлекеттік бағдарлама бойынша жастарға берілген жалдамалы пәтерлерді жастарға сатып алу құқығын беруді ұсынған еді. Бүгінде оның мерзімі 5 жыл. Бірақ, қазір Үкіметте жалдамалы пәтерлерді сатып алу құқығын беру мәселесі қарастырылып жатқан жоқ, - деді Қанат Бозымбаев. Айта кетейік, 2019 жылдан бері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтерлер беріліп келеді. Қанат Бозымбаевтың айтуынша жастардың үй алуына "Отау", "Наурыз", "7-20-25" сынды жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар бар.