Түркістан
EN

Енді ақылы жолға қарызы бар жүргізушілер берешегін өтемесе, айыппұл арқалауы мүмкін

41
12.06.2024

Енді ақылы жолға қарызы барлар 1 апта ішінде берешегін өтемесе, айыппұл арқалауы мүмкін. Бұл туралы бүгін мәжілістің жалпы отырысында көлік министрі Марат Қарабаев айтты. Оған соңғы жылдары ақылы жолға қарызы бар азаматтардың саны артуы себеп. Мәселен, отандық және шетелдік көлік иелері еліміздегі 17 ақылы жолға 6,6 млрд теңге қарыз. Оның 3 млрд теңге берешегі қазақстандық азаматтардыкы болса, қалғаны шетелдік көлік иелірінікі. Сондықтан, мамандар салаға жаңа жүйе енгізбек. Енді шетелдік көліктер ел аумағына кіргенде жол жүруі үшін арнайы талон алады, егер қарызы болса ол талон берілмейді. Ал қазақстандық көлік иелеріне айыппұл салынады. Бұл қаржы сол ақылы жолдарды күтіп ұстауға жұмсалады. Қалған қаржыға 1100 жаңа техника сатып алынбақ екен. Айта кетейік, өткен жылы еліміздегі 17 ақылы жолдан 32 млрд теңге пайда түскен.