Түркістан
EN

Түркістанда «Сахна тілі» жазғы мектебінің ашылу салтанаты өтті

108
12.06.2024

Түркістанда «Сахна тілі» жазғы мектебінің ашылу салтанаты өтті. Онда Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студеттері мен Ахмет Ясауи университетінің жастары өзара тәжірибе алмасады.  Болашақ сахна саңлақтары білімін жетілдіріп, оқытудың түрлі тәсілдерімен таныспақ. Айта кетейік, қос университеттің студенттеріне шеберлік сағатын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дариға Тұранқұлова өтеді.