Индустриалды аймақтардың 70 пайызының жағдайы мүшкіл. Облыстық инвестиция және экспорт басқармасының басшысы Қайрат Әзімов осылай дейді. Шенеуніктің айтуынша, уақытында қыруар қаржы жұмсалып іске қосылған нысандарға шетелдік инвесторларды әкеліп таныстырудың өзі ұят көрінеді. Кейбірінде жұмыстар 100 пайыз аяқталмаған.
Айта кетейік, Түркістан облысында 9 индустриалды аймақ құрылған. Жалпы аумағы 698 гектар. Оларға қажетті инфрақұрылымды жүргізу үшін бюджеттен 8 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген.