Түркістан
EN

Қайық тізгіндеген қайсар қыз

155
11.06.2024

Осы жылдың басты спорттық додасы Парижде өтетін Олимпиада ойындары. Байрақты бәсекеге күллі әлем көз тігеді. Жахандық деңгейдегі жарыста Қазақстан Ұлттық құрамасы да бірнеше спорт түрінен бақ сынайды. Оның ішінде паралимпиядаға баратын нәзік жанды Жаңыл Балтабаева да бар. Әлемдік додаға дайындалып жүрген спортшымен тілшіміз тілдесіп келді.