Түркістан облысының полицейлері заңсыз сақталған қаруды тәркіледі

48
11.06.2024 16:09

Түркістан облысының полицейлері заңсыз сақталған қару, оның ішінде Ак-47 автоматын тәркіледі. Облыстық полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің Сайрам, Түлкібас және Бәйдібек аудандарында жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде анықталған. Қазіргі таңда қаруды заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды. Күдіктілер қамауға алынды.