Түркістан
EN

Оңтүстік Кореямен байланыс нығаяды

144
10.06.2024

Түркістанға Корея халықаралық сауда қауымдастығының басқарма төрағасы Юн Джин Сик жұмыс сапарымен келді. Шетелдік мейманды Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жеке қабылдап, келіссөз жүргізді. Кездесуде Түркістан облысында жүзеге асырылуы мүмкін жобалар талқыланып, әріптестікті нығайта түсу жөнінде келісім жасалды.