Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдық мерейтойына орай Ыстанбұл қаласында «Қанышнаме» кітабы таныстырылды. Белгілі айтыс ақыны Аспанбек Шұғатайдың бұл еңбегінде ғалымның өмір жолы мен қазақ ғылымын дамытудағы ерен еңбегі поэма түрінде өрнектелген. Кітапта ғалым өмірінің әр түрлі кезеңдері суреттермен берілген.