Елімізде 4 мыңға жуық жас «Серпін» бағдарламасы арқылы тегін білім ала алады! Бағдарлама игілігін Түркістан, Қызылорда, Жамбыл мен Алматы, Жетісу облыстарының жастары көрмек. Осыған орай «Жоғары білім көрмесі» ұйымдастырылып, еліміздегі 23 жоғары оқу орны түркістандық түлектерді аталған бағдарламамен оқуға шақырды. Облыс орталығынан бастау алған шара 14 маусымға дейін аудан-қалаларда жалғаспақ.