Түркістан облысында жыл басынан бері 17 адам суға кетіп көз жұмған. Оның 13-і ата-аналарының қарауынсыз қалған жас балалар. Қайғылы оқиғалардың алдын-алу мақсатында қазір облыс аумағында судағы қауіпсіздік бойынша үгіт насихат жұмыстары жүріп жатыр. Жыл басынан бері құзырлы органдар рейдттік жұмыстардан бөлек халықпен 766 кездесу өткізген. Сондай-ақ «Судағы қауіпсіз демалыс» акциясы ұйымдастырылыпты.