Елімізде 1-наурыздан бастап енгізілген бірыңғай уақыт белдеуі бұрынғысына қайта ауысуы мүмкін. «E-Petition.kz» ресми порталында жарияланған петицияға 50 мыңнан аса қазақстандық бұрын қолданыста болған уақыт белдеуін қайтару бойынша қол қойған. Сәйкесінше Сауда және интеграция министрлігі өтінішті қарауға қабылдады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді. Заңға сәйкес петицияны қарау мерзімі тіркелген сәттен бастап 40 жұмыс күнді құрайды. Өтінішті қарау процесі заңнама талаптарына сәйкес жүргізіледі.