«Ауыл аманаты» жобасы жерге тыныс, елге ырыс болды. Дәл осылай деген Бәйдібектік көпбалалы ана талай жылғы хоббиін кәсіпке айналдырды. Қазір ауыл аймақты ас атасымен қамтып отыр. Ісінің ауқымын кеңейту жайын да жоспарлап жүр. Жалпы наубайхана пайдалы кәсіп пе? Қандай қиыншылықтары бар? Кәсіпкермен тілдесіп келген тілшіміз тарқатып айтсын.