Қаратау баурайындағы кенді шаһар Кентауда қалдықтар кәдеге жарамақ. Қаланы қоршай орналасқан бұрынғы кен орындарының тау боп үйіліп жатқан қалдықтарынан жеке кәсіпкер ғимараттардың сыртын қаптайтын материал жасауға болады дейді. Бүгін шаһарға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Дархан Сатыбалды осы секілді индустриялды аймақта орналасқан бірегей жобалардың бірқатарымен танысты. Толығырақ әріптесім айтып берсін.