Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге үндеу жасады. Құзырлы орган өкілдері жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырды. Өйткені соңғы күндері жол апаттары жиілеп кетті. Жүргізушілер көбінесе ережелерді елей бермейді. Жылдамдық режимін сақтамай, қарсы жолға шығып кетіп жатады. Сондықтан күн сайын трассаларда шамамен 1,5 мың патрульдік полиция қызмет етеді. Ондағы мақсат жол жүру қағидаларын сақтау үшін ескертпе жасау.