Түркістан облысында жиһаз өндірісі қарқынды дамып келеді. Мәселен, Сайрам ауданында жұмсақ жиһаздың 120 түрін шығаратын кәсіпорын бар. Корпустық жиһаз бен матрас өндірісі де жолға қойылған. Фабрика өнімі тек Қазақстанда ғана емес, алыс-жақын шетелдерде де үлкен сұранысқа ие. Жетістіктің сыры неде? Тілшіміз Назым Қайратқызы айтып берсін!