Тасқыннан зардап шегіп, үйлері апатты деп танылған тұрғындарға елімізде алғашқы жаңа баспаналардың кілті табысталды. Петропавлдағы «Қазақстан халқына» қорының есебінен салынған 53 үй салтанатты түрде қолданысқа берілді. Қазіргі таңда солтүстікте үйлері суға кеткен тұрғындарға 700 баспана салынып жатыр.