Дәруменге бай табиғи таза өнімді жыл бойы жей аласыз! Түркістан облысы Сайрам ауданында жеміс-жидек пен көкөністі өңдеумен және консервілеумен айналысатын кәсіпорын бар. Зауыт тәулігіне 10 тоннаға дейін өнім өндіруге қауқарлы! Сондай-ақ жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпорынның жұмысымен тілшіміз Назым Қайратқызы танысып келді.