Байырғы теңге-тиынның түр-түрі Түркістанда топтастырылды. Көрменің көркін ашқан тиындарды көруге тұрғындар қызығушылық танытты. Мұнда 25 мыңнан аса жәдігер сақталған. Олардың саны жыл сайын толығып отырады. Жинақталған қордың әр таңбасы тарихтан сыр шертеді.
Мәселен, 2 - 8 ғасырға тән ерте ортағасырлық нумизматикалық материалдар бар. Одан өзге, 11-13 ғасырға тиесілі кездейсоқ табылған материалдарды да атасақ болады. Шыңғыс ханның атымен соғылған алтын динар да осында. Тиын 2006 жылы музей қорына түскен.