Түркістан облысы Сайрам ауданында жылына 18 мың тоннаға дейін пластик құбыр шығаратын зауыт бар. Ерекшелігі- еліміз бойынша тек осы кәсіпорын 400 мм-лік поливинилхлорид құбырын дайындайды. Аталған өнім жылыту жүйесін орнатуда, күрделі инженерлік жүйелер салуда таптырмайтын материал. Сондықтан оған еліміз бойынша сұраныс жоғары. Толығырақ өндіріс орнына барып қайтқан тілші материалынан көріңіз!