Түркістан
EN

Облыс әкімі жеке қабылдау өткізді

216
06.06.2024

Түркістанда облыс әкімі Дархан Сатыбалды халықпен кездесу өткізді. «Ақжайық» музыка мектебіне жиналған халықтың қарасы қалың болды. Түркістандық ағайын негізінен инфрақұрылым, қоғамдық көлік маршруты мен ішкі жолдар мәселесін көтерді. Әрі электр энергиясы болар-болмас ескен желден сөніп, жарық бағандарының жұмысын реттеу туралы өтініштерін жеткізді. Ал мәселені мұқият тыңдаған аймақ басшысы Дархан Сатыбалды құны екі есе қымбаттап кеткен тарифке қатысты сыни пікірін білдірді.