Сенат Масс-медиа туралы заңды мақұлдады. Заңға бірнеше жаңашылдық енгізу көзделген. Мәселен, отандық контентті дамыту, журналистердің әдеп кодексін әзірлеуге мүмкіндік беріледі. Сондай ақ, БАҚ өкілдері жіберген сауал мерзімі 7 жұмыс күнінен, 5 жұмыс күніне қысқартылды. Өзгерісте тіл мәртебесіне де ден қойылған. Теле, радиобағдарламаларды мемлекеттік тілде шығару 60 пайызға артты. Ал шет елдік бағдарламалардың ретранциялысының көрсетілімі 10 пайызға қысқарды. Тағы бір айта кететін жайт, заңнамада кездесетін «Бұқаралаық ақпарат құралдары» сөзі «масс-медиа» сөзімен ауыстырылады.