Еліміздегі Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары балл жинаған түлек Түркістан облысынан. Ол кентаулық Айдос Қожанов. 138 балл жинаған талапкерді әлі ешкім басып озбады. Көпбалалы отбасынан шыққан оқушы 10 жыл бойы Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінде оқыған. Соңғы жылында тест тапсырып жеке мектепке ауысқан. Жас түлек болашақта әке жолын қуып, математика пәнінен мұғалім болуды армандайды. Айдос Хайруллаұлының бұл бірінші мүмкіндіктегі көрсеткіші. Келесі тестілеуде ол 140 балл алып, рекорд орнатуды қалайды.