Енді энергетикалық сусындарды балалар ала алмайды. Тек 21 жасқа толған адамдарға сатып алуға рұқсат. Тиісті түзетулерді мәжіліс депутаттары қабылдады. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, қазір 10 жастағы бала да энергетикалық сусынды оңай сатып алады. Ал лудоманияға шалдыққан азаматтар түні бойы сергек жүріп, құмар ойын ойнау үшін энергетикалық сусындарды көптеп алады. Сондықтан мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 21 жасқа толмаған адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынды», - деді депутат.