Түркістан қаласында «балаларға арналған газет-журнал редакторларымен кездесу» өтті. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Ондағы мақсат оқушылар арасында оқу сауаттылығы мен белсенділігін артыру. Жиынға 10 қазақстандық балалар журналы мен газеттерінің редакторлары, 6 ауданнан 200 мектеп директоры қатысты. Кездесу барысында олар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Балалардың газет-журнал оқуына ықпал ете білсек, ұлт тәрбиелеуде ұтарымыз аз болмасы анық дейді ұйымдастырушылар.