Мемлекеттік қызметшілердің бәс тігуіне және букмекерлерді жарнамалауға тыйым салынды. Мәжіліс депутаты Ернұр Бейсенбаев заң жобасын таныстырды. Халық қалаулысының сөзінше, бұған Мемлекет басшысының өзі бірнеше рет арнайы тоқталып, қоғамның тамырын кесетін, қасіретті дертті ауыздықтау жөнінде нақты тапсырма берген. Заңға сәйкес енді мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары бәс тіге алмайды. Бұл шамамен 280 мың адам. Оларға ешқандай ескерту болмайды. Яғни бәс тіккен жағдайда бірден жұмыстан шығарылады.