Төлебиде тағы бір лагерь ашылды. Демалыс аймағы тау бөктерінде орналасқан. Отбасы үлгісіндегі балалар үйі жанынан ашылған лагерьге «Төлеби нұры» атауы беріліпті. Балақайлардың қуанышымен бөлісуге “AMANAT” партиясының өкілдері арнайы барды. Балалар ауылына қонақ болып келген меймандар балаларға қуаныш сыйлап, мерекелік сый-сияпатын тапсырды.